Атырауда жаңа көшелер жөнделеді

20180517134219 Жаңалықтар

 Atr.kz/25 желтоқсан, 2019 жыл.  Облыс  орталығына жол инфрақұрылымын жаңартудың үшжылдық бағдарламасы қабылданды.

Атырау  қаласының  әкімі  Әлимұхаммед Құттымұрат-ұлының айтуынша,  бұл  кешенді  жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

– Биыл  Атырауда  жол  инфрақұрылымын  жаңартудың  үшжылдық бағдарламасы қабылданған   болатын.  Ауқымды  жаңғырту  жобасына жолдарды кеңейту, тас жол төсеу және заманауи көше жарығын орнату кіреді.

Қазіргі уақытта 11 көшені қамтитын 35 шақырым жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 15 км автожол жөнделді. 9 км велосипед жолы, 53 мың шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы жасалды, – деді Атырау қаласының әкімі.

Бек АЙДАРӘЛИ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз