Қызылқоға ауданында өткен жылы 160 тұрғынға жер телімі берілді

0 14 Жаңалықтар

Бұл туралы өткен жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Жер кезегіндегі азаматтарға тұрғын үй салуға Миялы, Сағыз, Жасқайрат, Қоныстану ауылдарынан барлығы 683 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін жоба дайындалды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен Миялы ауылының инфрақұрылымының құрылысына бастапқы қаражаты бөлінді.

Енді жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым   Миялы (276 жер), Сағыз (225 жер), Жасқайрат (102 жер), Қоныстану (80 жер) ауылдарына жүргізіледі» деді Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев.

Еске сала кетелік, өткен жылы  «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 7 отбасы баспаналы болып, 4 отбасына тұрғын үй сертификаты табысталды. Және  Қызылқоға  ауданы орталығынан үш қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үй  жобасы  жасақталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз