Жаңалықтар
Қызыл кітапқа енген құстар табиғи ортаға жіберілді
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қызыл кітапқа енген құстар табиғи ортаға жіберілгенін мәлімдеді.
«Қазақстандағы жек-дуадақ популяциясын қалпына келтіру бойынша әзірленген бағдарламаның аясында жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстанның тәлімбақтарында өсірілген жек-дуадақ балапандары табиғи ортаға жіберіледі.
Биыл бұл жұмыс 26 сәуірде басталып, қазіргі таңда жалпы саны 720 дарақ жек-дуадақ құсы Жетісу облысында табиғатқа жіберілді. Оның 450-і БАӘ-нің тәлімбағынан болса, 270-і еліміздің Түркістан облысында өсірілген», — деп жазды министрліктен.