Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

«Қызыл аймақ»: Атырау облысында бір тәулікте Covid-19 жұқтырған 500ге жуық адам анықталды

Қауіпті инфекция жұқтырғандар санының өсуі Жылыой ауданында байқалады хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус жұқтырған 489 адам анықталды. Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 278 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 29 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында — 86, Индер ауданында — 23, Исатай ауданында — 23, Қызылқоға ауданында — 6, Құрманғазы ауданында — 19, Мақат ауданында — 6, Махамбет ауданында-19адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 372 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 186 адам емделді.

Қазір 2848 адам үй жағдайында, 197 адам модульдік ауруханада, екінші облыстық ауруханада — 207, фтизиопульманологиялық орталықта — 100, кардиоорталықта — 110, т/ж ауруханасында — 108,
аудандық инфекциялық стационарларда — 295. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 165 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта .

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button