Шағымдарды қабылдайды: Атырау облысы Еңбек инспекциясының «Тікелей желісі» іске қосылды

0 17 Жаңалықтар


Енді еңбек қатынасына қатысты кез-келген даулы мәселелерді сенім телефондары арқылы да реттеуге болады.

Атырау облысы бойынша Еңбек инспекциясының басқармасы тұрғындарымен байланысты жандандыру мақсатында «Тікелей желіні» іске қосты.

Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек дауын реттеу үшін «1302» қысқа телефон нөмеріне хабарласуға болады.

Сонымен қатар Атырау облысының еңбекшілері өз өтініштерін What’s App нөміріне де жолдай алады:
+7 702 813 0073

Еңбек келісім- шарттарының және ҚР Еңбек заңдылықтары талаптарының сақталмау фактілері бойынша жасақталған ұжымдық өтініштер


atyrau_enbek@mail.ru электронды поштасы арқылы да қабылданады.
Бүгінгі таңда ең өзекті еңбек даулары болып тізімде келтірілген жайттар табылады:
– жалақыны уақытылы төлемеу,
– қызметкерлерді  жұмыстан заңсыз шығару,
– қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану.

ATPress.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз