Жарнама
Жаңалықтар

Қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілуде

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган шағымды қарау қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті берушілер тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактісі анықталған жағдайдайлардың атына көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қолдану үшін ұсыныстар жіберуге міндетті. 

Бұдан бөлек, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасағанҚазақстан Республикасының мемлекеттікқызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша олардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қайта жүгіну қажеттілігінсіз қалпына келтіру бойынша шаралар да қабылданады.

Бұл ретте, қызмет алушылар бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне шағым түсіруге болатынын назарларыңызға жеткіземіз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button