Жарнама
ЖаңалықтарСарапTime

Қыздың көзі – «қызылда»

Atr.kz/16 қазан, 2020 жыл. Қалта телефоныма SMS келді. Бала кезден бірге скен құрбым жолдаған хабарламаны ашып оқыдым: «Сәлем! Райгүлді ұзатайын деп жатырмыз ғой. Ыдыс-аяқ қарайын деп едім. Бүгін қолың тисе, менімен «Динаға» шығасың ба?» Дереу телефон шалып құттықтап жатырмын. Түскі үзілісті пайдаланып, «Дина» базарына баратын болып келістік.

Аспандаған баға

Пандемия басталғалы «Дина» базарына бас сұқпаған екенмін. Қарақұрым халық. Базарға жалғастырыла салынған ғимараттар да көбейіп кетіпті. Ыдысаяқ сататын жерді сұрастырып жүріп, зорға таптық. Уақыттың тығыздығына байланысты керекті заттарды көзбен шолып, бағасын сұраумен ғана қанағаттанып к е л е м і з . Қ ұ р б ы м « Ч е х и я сервиздері» деген жазуы бар есікке келіп бас сұқты. «Жақсыны көрмек үшін» дегендей, мен де қосарланып ішке кірдім. Айналуға келмейтін тар жерде ыдыстар сығыстырыла жиналыпты. Алтынмен аптап, күміспен күптеген ыдыс-аяқтарды көзбен шолып тұрып, бағасын сұрадық. «Суповой кастрюльсіз түрі 350 мың теңге, мынау толық сервиз, ол – 450 мың теңге» деді сатушы қыз. Біздің соңымыздан келген адамдар да бағасын қарап, əлдебір сервизге ақшасын төлеп жатыр. Сөздерінен білсек, олар да қыз ұзатады екен.

Ағаш астаулар бөлімінде…

Құрбым екеуміз енді етке арналған ағаш астаулар сататын бөлімді жағаладық. «Мына түрі 25 мың теңге тұрады. Ал, екі құлағында қошқар мүйізді өрнегі бары – 45 мың теңге, төрт құлағында қошқар мүйізді өрнекпен əшекейленгені – 85 мың теңге» дейді сатушы. Астауға қоса алты ағаш тостаған да төңкеріп қойыпты, олардың бір данасының бағасы 2500 бен 6000 теңгенің аралығында екен. Сорпа құятын ағаш ыдыс, шұбат пен қымыз құюға арналған арнайы торсық сияқты ыдыс, ағаш ожаудың да бағасы арзан емесіне көзіміз жетті.

«Бір астау алмаймыз, екеуін аламыз, ағаш тостағаннан он екісі керек» деген құрбымның түріне қарау өте аянышты еді. Жанында ұзатылатын қызы бар, бағана «Чехия сервиздерінің» жанында көрген біз құралыптас əйел де астауларды қарап тұр. «Қызым, мына біреуін алсақ қайтеді?» деп батылсыздана үн қатқан оған жанындағы қызы: «Міне, мынаны аламын» деп ең қымбат астауды көрсетті. Мен теріс бұрылып кеттім.

Эмираттан келген ваза

Араб Эмираттарынан шыққан вазаларды сататын жерге келдік. Көздің жауын алған қымбат ыдыстардың түр-түрі жайнап тұр. Пілдің сүйегінен жасалғаны бар, таза фарфоры бар, жанға керектінің бəрі тұр. Алтынмен апталған жемісжидекке арналған орташалау вазаның жанына келіп тоқтадық. «Көріп тұрған вазаңыз 20 мың теңге тұрады» деді құлаққа жеткен шыңылтырлау жағымсыз дауыс. «Оның жанындағы үлкені – 40 мың теңге, алсаңыз түсіріп береміз» дейді ернін қып-қызыл етіп бояп алған жаңағы дауыстың иесі. М е н і ң м и ы м б е й н е б і р электронды есептегішке айналып кеткендей, сандарды бір-біріне қосып жатыр. Ұзатылатын қызға вазаның бір-екі данасын алмайтыны белгілі. Ең аз дегенде төртеу алады. Сонда, кемінде 200 мың теңгені вазалар бөліміне қалдыратынын ойлап тұрған құрбыма бір, ыдысқа бір қарай беріппін.

«Модный фирманың қазаны…»

Ендігі кезек тамақ пісіретін қазан, сотейниктер тұрған бөлімге келді. Кастрюльдер жиынтығы да жарқырап, «менмұндалап тұр». «Қызыма ұнайтын фирманың кастрюльдер жиынтығы 150 мың теңге тұрады екен» деген құрбымның сөзі алыстан естілгендей. Ойланып кетіппін. Иə, бүгінде қыз беру оңай емес екен. Заман ағымына байланысты ыдыс-аяқтардың да сəнге енген, сəннен қалған түрлері болады дегенге сенбейтінмін. Өз көзіммен көріп, жағамды ұстап келемін. Əлбетте, ата-ана бауыр еті баласынан ешнəрсені аямайды. Қайткенде де, жатжұрттық болып жаралған қыз баланы ренжітпей ұзатуды ойлайды. Қызының алғысы келген бұйымын несие алса да, алып берері даусыз. Бірақ, тұрмысқа шығатын қыз балалар ата-анасын аямай ма? «Бір қызды ұзатуға кемінде 2 миллион теңге кетеді екен ғой» деген ойым көрпе-төсек, кілем сататын жерге барғанда быт-шыт болды.

«Келіншектау» аңызы

Есіме қарт Қаратаудағы Келіншектау туралы аңыз түсті. Əлде жүз, əлде мың жыл бұрын теріскейде əйгілі бай өтіпті. Əлгі бай аузы уəлі, ақылы мен дəулеті пара-пар кісі көрінеді. Сол кісінің Айсұлу атты жалғыз қызы болған екен. Сол қыз майысып, толықсып бой жетіпті. Тана көзі талайдың ішіне шоқ түсіріпті. Күнгей елінен теңі табылыпты ақыры. Əлгі бай «жалғыз перзентімнен аярым жоқ» деп, екі жасқа батасын беріпті, жасауын бөліпті. Жасауды көрген ақын нешеме күн қисса етіп жырласа да, суреттеп тауыса алмапты деседі. Отаудың үзік дөдегесі марқаның жүнінен басылып, бау-басқұры жібек жіптен тоқылған. Шаңырағын алтынмен аптап, уығын күмістен қаптапты. Бар жиһаз жасауды түйеге теңдеп, «ал, риза бол қалқам» деп, əкесі керуеннің бас жібін қызының қолына ұстатқан көрінеді. Керуен ырғалып-жырғалып, Қаратаудың қырқасына көтеріліпті.

Қызы құрғыр дүниеге бір табан жақын білем, сол арада түйелерді шөгеріп, жасауды қайыра бір көзден өткізіпті. Сөйтсе, итаяғы жай өрік ағашынан шабылған екен. Мұны көрген қыз: «Əкем сараңдық жасапты, итаяғымды күмістен соқтырмапты» деп күйеу жігітті ауылына қайыра шаптырыпты. Бар дəулетін сыпырып, арттырып жіберген ақылды əке əлгі сөзді естіп, қызына қатты налыпты. Сөйтіп, қызына қапаланып, «тас жүрек екенсің, тас бол» деп теріс батасын беріпті. Ол кезде қарғыстың дөп даритын уағы болса керек, əлгі шөгіп жатқан түйелер, бұйда тартқан қалыңдық солайымен тұрған жерінде тасқа айналып қалыпты деседі. Биік шың содан бері «Келіншектау» аталатын көрінеді. Ойлаған адамға астарында сабақ алатындай көп нəрсе бар əңгіме екені анық.

Үйдегі көңіл мен базардағы нарық…

 Ішіне салынған жүннің немесе мақтаның сапасы қандай екенін құдай білсін, сыртына қошқар мүйіз керек пе, су өрнегі, құс тұмсық дейсіз бе, ғажайып өрнектер салынған, алтын жіппен зерленіп тігілген көрпе-жастық та адамды ғажайыптар əлеміне жетелей жөнеледі екен. Қолы іс білетін шеберлердің қолынан шыққан таңғажайып дүниелерді сипап тұрғанмын: «Қыз жасауын іздеп жүрсеңіз, алты көрпе, алты жастық, жас жұбайлардың махаббат төсегі, көрпесі мен жастығы, бəрі 400 мың теңге, келісіп, саудалассақ, түсемін» деді екі қолымен бүйірін таянып, шіреніп тұрған сатушы төбемізден қарап. Бізді қомсынып тұрғаны түрінен байқалады. «Телефоныңызды айтыңызшы, бүгін тек қарап кетуге келіп едік, соңынан хабарласамын» деген құрбыма дікілдеп тұрып телефонын айтты да, бұрылып кетті.

Шуаштың иісі…

Осыдан біраз бұрын келін түсірген құрбымның үйінде болғаным есіме түсті. Жас келіннің əдемі бұйымдарын тамашалап, көрімдігімізді қыстырып, келін қолынан шəй ішкенбіз. Жас келіннің көрпетөсегін төсеп қойған екен. Мамық төсекке белімізден кірдік те кеттік. «Керемет екен» деп сүйсініп-ақ отырмыз. Біртүрлі шуаш иісі сезілгендей болған соң, ыңғайсызданып, аяғымды астыма қарай жинап отырдым. Əлгі көңірсіген шуаш иісі мұрнымнан кетпей қойды. Жанымда отырған үлкендеу апай: «Осы күнде қыз жасауын базардан алады ғой. Мына көрпе-төсекті кім жасағаны белгісіз. Негізі төсекке салатын қойдың немесе түйенің жүнін жуып салу керек қой. Мына шуаштың иісінен-ақ белгілі, ішіндегі жүннің жуылмағаны» демесі бар ма? Ойланып қалдым. «Ата-ана кемінде 300 мың теңгеге алған дүние ғой бұл. Ең болмаса, сатып отырған адам ары мен ұятын ойлап, адал сауда жасамай ма? Ақыретте сұралады ғой бəрі де…»

Ұялы телефонға кеткен есіл уақыт…

Бəріміз де ауылда, ата мен əженің қойнында өстік. Əжеміздің қ о й қ ы р қ ы л ғ а н н а н к е й і н жүнді қалай жуып, кептіретіні, қоқымын алып тастап, түтіп, төсек-көрпе жасайтыны көз алдымызда. Үйдегі төсек-көрпені де күннің көзіне жайғызып, ішіндегі жүнін жуып, түтіп, жаңартып салып отыратын еді, жарықтықтар. Анамыздың қолынан шыққан төсектер төрімізде жатыр. Бүгінде жас келіндер сол бір əжеапаларымыз мұра еткен қолөнерді ұмытқалы қашан?! Замана ағымына сəйкес əр үйде кір жуатын, ыдыс жуатын, еден жуатын машиналар, ішіне салып қойса болды, тамақты өзі пісіретін «ақылды» электр қазандары бар екені рас. От жақпайды, күл алмайды. Қала түгілі, ауылдың əрбір үйінде газы маздап жанып тұр. Суы ішінде. Сонда деймін-ау, жастар уақытын қайда жібереді?

Бұрын біздің аналарымыз от жағатын, күл алып, тамақ пісіріп, кір жуып, су тасып, малын қарап, баласын тəрбиелеп, ата-енесінің қасы мен қабағына қарап күтетін еді ғой. Осы аталған жұмыстың бəріне де үлгеретін. Балалар атаанасына көмектесіп, шаруаны тындырушы еді. Қазір ондай шаруа жоқ, адам өмірі барынша жеңілдетілген, алайда, уақыт жетпейді. Өйткені, үлкеннің де, кішінің де қолында – ұялы телефон. Барған жерде ватсапты қосып, ұялы телефонды шұқымай қалса, əлденені ұмытып кеткендей күйге түсетін болғанымыз жасырын емес. Бір танысым айтып еді: «Қазір ауылдан қолына оймақ киіп, ине ұстайтын əйелді итпен іздесең де таба алмайсың» деп…

P. S.

Бәрі де қыз жасауынан шығып кетті-ау. Есімізге тағы да кеңестік кездің түсіп отырғаны. Ол кездің балалары мүлде б лек еді ғой. Ата-ананы тыңдайтын, аяйтын, к мектесетін. Құрбыларымыз ұзатылғанда қолда барға қанағат тұтқандары да есімізде. Ал, бүгін к з алдымызда сіп келе жатқан қыздарымыз бір-бірінен қалмаймын деп атаанадан «модаға сай» бұйым талап етуде… Адам згерді ме, заман згерді ме?

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button