Атырау облысында 240 шақырымнан астам жол төселді

img 2870 Инфрақұрылым

Республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахан» күре жолының құрылысы жүріп жатыр. Жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын «Атырау-Астрахань» учаскесінің бүгінгі күні 252 шақырымы пайдалануға берілді. Қалған 25 шақырымында жұмыстар жалғасуда. Егер ауа райы қолайсыз болса бұл жұмыстар келесі жылға қалады, деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов.

«2023 жылы облыста 240 шақырымнан астам көшеге тас жол төселді, Атырау қаласы бойынша 88 шақырым, аудандарда 152 шақырым төселді. 2027 жылға дейінгі жоспарға сәйкес, 77 шақырым жол қайта жаңғыртудан, 46 шақырым жол орташа жөндеуден, 87 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізілмек» – деді аймақ басшысы ОКҚ алаңында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз