Жарнама
Жаңалықтар

Қытайдың оңтүстігінде 5 мың адамдық халықаралық карантин орталығы ашылады

Осы айда Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында (Гуандун провинциясы) 5 мың адамдық халықаралық карантин орталығы ашылады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Гуанчжоудағы халықаралық карантин орталығы осы жылдың қыркүйек айының соңында пайдалануға беріледі. Орталықтың барлық ғимаратының құрылысы аяқталған, қазіргі уақытта нысан аумағы абаттандырылып жатыр. Кешеннің аумағы 25 гектар, ол A, B, C, D деп төрт аймаққа бөлінген. Медициналық нысанның 5 мың бөлмесі бар.

  • Бұған дейін қытайлық эпидемиолог Чжун Наньшан мәлім еткендей, Гуанчжоудағы ірі халықаралық карантин орталығының құрылысы шетелден келетін туристерге және эпидемиологиялық қауіп жоғары аймақтардағы жергілікті тұрғындарға арналған. Себебі, карантинге берілген жергілікті қонақүйлер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай келмейді. Еске салайық, Қытайға келетін халықаралық рейстердің 80-90%-ы Гуанчжоуға қонады.

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button