Жарнама
Жаңалықтар

Қытайдан Қазақстанға миллиардтаған инвестиция

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары барысында жалпы құны 15 миллиард АҚШ долларынан асатын бірқатар инвестициялық және сауда келісімі жасалады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Ынтымақтастық салалары энергетика, цифрландыру, құрылыс, металлургия, телекоммуникация, көлік және логистика салаларын қамтиды.
Сапар аясында 100-ден астам қазақстандық және қытайлық компания серіктестік орнатып, бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына және экономиканың дамуына ықпал етеді.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммитіне қатысып, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты кездесу өткізді.

Ертең сапар Бейжіңде жалғасады. Жоспарда Қазақ-қытай Іскерлік кеңесінің отырысы, қос елдің ірі бизнес өкілдерімен келіссөздер, Қазақстанның Мәдениет орталығының ашылуы бар.

Қ.ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button