Қытай Қазақстандағы атом энергетикасы саласына не ұсына алады?
Астанада өтіп жатқан KazAtomExpo халықаралық көрмесі барысында CNNC (China National Nuclear Corporation) еншілес кәсіпорнының басшысы Чао Ган атом электр станцияларын салудағы қытайлық технологияның артықшылығын түсіндірді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Бұл ретте ол Қытай жағы ядролық технология саласындағы жетістіктерін көрсетуге және АЭС салу технологияларын беруге дайын екенін атап өтті.
Оның айтуынша, қытайлық компания Қазақстанға атом энергетикасын дамытудың жеке бағдарламасы бойынша көмектесуге әзір.
«Бұл бағдарлама ядролық саладағы кадрларды дамытуға бағытталуы керек. Оның аясында Қазақстан болашақта атом электр станцияларының сенімді жұмысын қамтамасыз ете алатындай адам ресурстарын дамытуға екпін қойылады», — деді ол.
Қытайлық АЭС жобалаушыларының бірі Хуэйся Цзян Қазақстанда HBR-1000 (ядролық реакторлар сериясы) құрылысы айтарлықтай ұзақ уақытты қажет етеді, яғни тек бірінші блоктың құрылысына шамамен 68 ай қажет. Дегенмен, кейінгі бөліктерін салуға әлдеқайда аз уақыт кетеді, өйткені атом электр станциясының негізі дайын болады.
Сонымен бірге ол Қытайдағы атом электр станцияларының қауіпсіздігі өте жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Айта кетейік, көрме аясындағы брифингіде ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Ғұмар Серғазин Атом электр станциясын (АЭС) салып беретін вендорға тәуелді болып қалмау үшін өзіміздің мамандарды даярлауға екпін қойылатынын айтты.
Қазақстанда АЭС салу мәселесіне арналған республикалық референдум туралы Президент Жарлығының жобасы Үкімет қарауына жіберілді.
Бүгін Үкімет отырысында «Қазақстанның атом электр стансасы» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин АЭС құрылысына қатысты шорт-парақшаға қай елдер кіргенін атады.