Жарнама
Жаңалықтар

«ҚЫС – 2024»: Сын кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындық деңгейін көрсетті


Еліміздің өзге өңірлеріндегідей Атырау облысында да «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде. Қыс кезеңіндегі төтенше жағдайлар кезінде шұғыл әрекет ету жасағының, күштер мен құралдардың іс-әрекетінің дайындығын тексеру мақсатындағы жиын барысында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында оқу-жаттығудың жедел штабы құрылды. Жоспар бойынша «Дабыл-1001», «Қарғын-2002», «Үзіліс-3003» дабылына қатысты іс-шаралар пысықталды.

Департаменттің қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, оқу-жаттығуға облыстың төтенше жағдайлар департаменті, азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері, жергілікті атқарушы билік органдары қызметкерлері, төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік комиссиялардың, эвакуациялық қабылдау құрылымдарының мүшелері, шұғыл әрекет ету жасақтары қатысты. Бұған дейін төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының саптық байқауы өткізілді.

Оқу-жаттығу жиынына облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, жедел әрекет ету жасағының күштері мен құралдарының қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларға дайындығын көзімен көріп, оған оң бағасын берді. Осы жерде төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының саптық байқауы өткізілді. Саптық байқауға барлығы 252 адам мен 131 техника қатыстырылды. Сонымен қатар, оқу-жаттығу шеңберінде «Баршаның назарына!» дабыл жүйесі іске қосылып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді.

Оқу-жаттығудың тәжірибелі бөлімі «Атырау облысы Су Арнасы» КМК базасында, «Атырау-Орал» тас жолы бойында және Құрманғазы ауданының аумағында жалғасын тапты.
–Осындай оқу-жаттығу шаралары қолдағы бар күш-мүмкіндіктерді біріктіріп, қыс кезінде орын алуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын-алуға жұмылдырады. Тексеру қорытындысы облыстың азаматтық қорғау қызметтері мен жедел әрекет ету жасақтары әзірлігінің тиісті талап деңгейінде екенін байқатты, — деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев.

Дәулетқали АРУЕВ
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button