Қымбат жобаның қайтарымы қандай?
Аtr.kz/11 маусым, 2020 жыл. Шаһардағы жасыл желекті суландыру мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Бұл жолы да жылдар бойына түпкілікті шешімін таппай келе жатқан осы бір түйткілді проблеманың түйінін тарқатып көруді мақсат тұттық.
Бұдан бірнеше жыл бұрын керемет жоба қолға алынды. Соған сәйкес, Атырау қаласындағы жасыл желек атаулыны, соның ішінде, бірінші кезекте тал-теректерді жазғы суландыру желілерін толықтай автоматты және тамшылатып суару тәсіліне көшіру көзделген-ді. Осылайша, 2017-2018 жылдары қала әкімдігінің бастамасымен жаңа жазғы суландыру құбырының құрылысы да басталды.
Алайда, бұл жобалар толық жүзеге аспай қалды. Қазір жасыл желекті суландыру жобасы қайта қолға алынып отыр. Қалалық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Аңсаған Сағынбаеваның айту — ынша, күні бүгінде облыс орталығында он бір көшеде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын қалалық құрылыс бөлімі бақылайды.
Қазіргі уақытта Сәтпаев пен Әбілхайыр хан даңғылдарының бойында жазғы мезгілде жасылжелекті суаратын тамшылатып суару жүйесі орнатылып, іске қосылған. Жаңадан т ұ р ғ ы з ы л ғ а н ж е л і л е р биыл қалалық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің иелігіне беріліпті. Соған байланысты, жаңадан тартылған суландыру жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету жауапкершілігі мемлекеттікж е к е м е н ш і к ә р і п т е с т і к негізінде анықталған мердігер мекемеге жүктелген. Қ а з ы н а д а н б ө л і н г е н қомақты қаражатқа салынған бұл желілер толықтай іске қосылып, жобалық қуатында жұмыс жасап тұр ма? Олай болған жағдайда неге әлі күнге жасыл желекті суаруға арнаулы автокөліктер пайдаланылып келеді? Міне, о с ы н д а й с а у а л д а р к ү н і бүгінге нақты жауабын таппай отырғаны жасырын емес.
Рас, өзіміз көзімізбен к ө р і п ж ү р г е н і м і з д е й , барлығында бірдей демесек те, әлгінде аталып кеткен Сәтпаев және Әбілхайыр хан даңғылдарындағы талт е р е к т е р т а м ш ы л а т ы п суару технологиясы бойынша күтілуде.
Алайда, ағаш өскен алқапты бір мезетте қажетті сумен қамтамасыз етуге мұның өзі де жеткіліксіз, мүмкіндігі шектеулі көрінеді. Сол себептен, қосымша су тасушы көліктер пайдаланылуда. А л , е н д і , А з а т т ы қ даңғылы, Әуезов көшесі, Жеңіс саябағы, Тұрғын үй қалашығы мен Балықшы мөлтекаудандарындағы талтеректердің жайына келсек, олар бұрынғысынша ескіріп, тозығы жеткен құбырлардың күшімен суарылуда. Басқа амалдың жоқтығынан бұл құбырларды жылма-жыл жөндеп, кәдеге жаратуға тура келіп тұр.
Оның үстіне, жөндеу жұмыстары мемлекеттікж е к е м е н ш і к ә р і п т е с т і к жүйесімен жүзеге асырылуда. Мұнда да құбыр бойындағы қысымның төмендігінен су тасушы көліктердің көмегіне жүгінуге тура келетінін айта кеткеніміз жөн. Сарапшы-мамандардың бағалауынша, күні бүгінде қала бойынша жасылжелекті суаруға жарамды құбырлардың үлес салмағы 20 пайызды ғана құрайды екен. Оның үстіне, әрбір қыс маусымынан соң орталық көшелерде орналасқан жазғы суарусуландыру жүйесі міндетті түрде ағымдағы жөндеуден өткізіледі.
Өйткені, қыста тұрба бойындағы қалдық сулар суықтан қатып қалады да, біраз бөлігі істен шығып, әр жерінен тесіледі. Келесі маусымда пайдалану үшін оларды тазалап, жөнге келтіру қажет. Жылдан-жылға мұнайлы шаһарда көшеттердің саны көбейіп, жасыл-желекпен қамтылған учаскелердің аумағы ұлғайғанымен заманауи үлгідегі суару жүйесінің жеткіліксіздігінен әзірге тасымалдап суару тәсілінен қ ұ т ы л у д ы ң м ү м к і н д і г і байқалмайды.
Дәулетқали АРУЕВ