Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Қымбат көлік пен жиһазға – мораторий

Atr.kz/24 қаңтар, 2020 жыл. Қазақстанда қымбат көлік пен жиһаз алуға мораторий жариялануы мүмкін. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бағалы көлік пен жиһазға мораторий енгізу бастамасын көтерді. Бұл туралы ол бүгінгі кеңейтілген үкімет отырысында мәлімдеді.

«Қымбат тұратын транспорт пен жиһаз алуға, түрлі форум, семинар, конференциялар өткізуге кететін шығынға ұзақмерзімді мораторий жариялауды ұсынамын. Іс-шаралар нақты айқын тәжірибелік және идеологиялық пайдасын әкелуі керек» деді Мемлекет басшысы кеңейтілген жиында.

Сондай-ақ, Президент салық – халықтың ақшасы екенін қаперге берді. «Халық қаржысы болып табылатын салық арқылы ұзақмерзімді жалпымемлекеттік: қорғаныс, білім, медицина мәселелері шешілетінін есте ұстау керек. Ал, жеңілдіктерге жеке салалар мен кәсіпорындар ие болады» деп атап өтті Тоқаев.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button