«Құтты болсын Жаңа жыл!»
Бүгін аймақ басшысы Серік Шәпкенов облыстық арнайы мектеп-интернатта өткен жаңа жылдық шырша тойына қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.
«Құтты болсын Жаңа жыл!» атты мерекелік кеште облыс әкімі әр балаға тәтті үлестіріп, мекемеге интерактивті тақта тарту етті.
–Құрметті балақайлар! Келе жатқан Жаңа жылымыз құтты болсын! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Әрқашан осылай жарқырап жүре беріңіздер. Дендеріңізге саулық тілеймін. Бұл күні тілеген тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын! — деді С.Шәпкенов.
Шара барысында Серік Шәпкенов ғимараттағы оқу кабинеттерін аралап, жұмысымен танысты. Сонымен қатар, білім алушы шәкірттермен пікір алмасты.
Айта кетелік, 1961 жылы салынған облыстық арнайы мектеп-интернатта есту және көру қабілеті зақымдалған, психикалық дамуы тежелген 144 бала білім алады. Олармен 3 логопед, 3 тифлопедагог, 3 сурдопедагог, 1 психолог және 56 мұғалім жұмыс істейді.
Мәлике МӘЛІКҚЫЗЫ