ЖаңалықтарЭкология
Құстар неден қырылды?
Атырауда суқұзғын мен шағала өлексесінен алынған зертханалық сынама қорытындысы құстардың пастереллезге шалдыққанын көрсетті.
«Бұлар – көктемде Каспий теңізінің жағалауында ұя салып, балапан өргізетін құстар. Бұл құстарда пастереллёз инфекциясы анықталды. Енді оның адамға әсері туралы алдағы уақытта қорытынды жасалады» дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Арман Молдашев.
Оның айтуынша, қырылған құстың саны 150-ге жеткен. Осыған байланысты резерват аумағындағы су, топырақ пен ауадан алынған сынамада ауытқу болмаған.
«ҚазАқпарат»