Жаңаталап ауылындағы мектеп құрылысының қашан аяқталатыны белгілі болды

whatsapp image 2020 11 04 at 19.08.41 Білім

«Атырау қаласы Жаңаталап селосында салынып жатқан 300 орындық мектеп-интернаттың құрылысы келесі жылы толық аяқталып, пайдалануға беріледі.

Бұл туралы Атырау облысы құрылыс басқармасы хабарлаған. Себебі, бүгін Жаңаталап ауылының бірнеше тұрғыны былтыр маусым айында салына бастаған 300 орындық мектеп интернаттың құрылыс жұмыстары біржола тоқтап қала ма деп алаңдаушылық танытқан болатын. Облыстық құрылыс басқармасы нысанның жұмысын қаржыландыру жыл соңына дейін шешілетінін атап өтті. Ал құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылдың алғашқы айларында басталады деп жоспарланып отырғанын айтады.

Ал 300 орындық мектеп-интернаттың құрылысы келесі жылы толық аяқталып, жыл соңына дейін ел игіліне толық берілмек. Қазір уақытша тоқтап тұру себебін құрылыс басқармасы бюджет шығыстарын қайта қараумен байланыстырады. Соған сәйкес, бюджет қаражаты есебінен құрылысы жүріп жатқан мектеп-интернаттың қаржыландыруы уақытша тоқтатылған. 

Суреттерді түсірген Расул СЕРІКОВ

«Атырау облыстық коммуникация қызметі»

whatsapp image 2020 11 04 at 19.08.41 1
whatsapp image 2020 11 04 at 19.08.41 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз