Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазыда заманауи спорт кешені салынуда

Құрманғазы ауданындағы Жұмекен ауылында заманауи спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір барлық жұмыс жоспарға сай атқарылып жатыр. Спорт кешенін 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру көзделген.

–Бұл нысан өңір халқының салауатты өмір салтын ұстануына және бұқаралық спортты дамытуға оң ықпал етпек. Құрылыс жұмыстары былтыр қыркүйек айында басталды. Жоба бойынша мердігер мекеме – “БатысСтройСервис Атырау” ЖШС. Ал жобаның тапсырыс берушісі – Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі, — деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетов.

Мамандардың айтуынша, жаңа кешен ауыл тұрғындары үшін түрлі спорт түрімен айналысуға мүмкіндік беріп, жасөспірімдердің тұрақты дене шынықтыруына ықпал етпек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button