Атыраулықтар несие алуды арттырды

nesie 1 Жаңалықтар

ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы ұсынған мәліметтерге сүйенсек, былтыр облыстағы екінші деңгелі банктер халыққа 828,7 млрд, теңге көлемінде несие берген. Бұл – 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 32,4%-ға көп деген сөз.

Нақтырақ айтқанда, заңды тұлғаларға үлестірілген несие 218,7 млрд теңгеге (25,2%) артса, жеке тұлғалардың қолына тиген кредит көлемі бірден 35,2%-ға, яғни 610,0 млрд. теңгеге дейін көбейген.

Жалпы, өңірде екінші деңгейлі банктердің 14 филиалы, 49 бөлімшесі және 63 айырбастау пункті жұмыс істеп тұр.

2024 жылғы 1 қаңтарда тұрғындардың тұтыну мақсаттарына берген несиелер бойынша берешектер 397,6 млрд. теңгеге жеткен. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,9%-ға өскенін білдіреді.

Ал 2024 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2023 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 41,1%-ға азайған. Бірақ қарызын кешіктіргендердің ішінде заңды тұлғалардың үлесі 27,4% болса, 72,6%-ы – жеке тұлғаларға тиесілі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз