Құрманғазыда еңбек ардагері ең бірінші болып өз таңдауын жасады
Аудан орталығындағы 175 учаскелік сайлау комиссиясы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де дауыс беру үшін ашылды.
Мұнда 1955 сайлаушы бар. 12-сі алғаш дауыс берушілер болса, 10 тұрғынға жылжымалы жәшік арнайы апарылады. Ауыл тұрғыны Болат Қалиев дауыс беру құқығын бірінші болып пайдалану мүмкіндігін жіберіп алмай, сайлау учаскесінде алғашқылардың қатарында болды. «Президент- елімізде маңызды шешімдерді қабылдайтын адам. Сол себепті сайлаудың орны ерекше деп білемін. Азаматтар бұл науқанға жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені, әр дауыс елдің тағдырын шешеді. Өз басым осы кезге дейін қандай сайлау өтсе де, таң атысымен сайлау учаскесіне келемін. Сосын Қазақстанның Гимні ойналған соң алғаш болып дауыс беремін. Бұл менің өмірлік кредом. Ең бастысы еліміз өркендеп, ынтымақ-бірлігіміз бекем болсын » дейді еңбек ардагері. Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Фарида Бралина Болат Қалиевке бірінші келуші ретінде сыйлық табыстады.
Айнагүл Шакупова