Бүгін Атырау облысында жел күшейеді

5fe256fb Жаңалықтар

Аtr.kz/6 мамыр, 2019 жыл. Атырау облысында желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Атырау облысының ТЖ департаменті 6 мамырдағы ауа райы жағдайына байланысты ескерту жасады, онда желдің жылдамдығының секундына 20 метрге дейін жететіндігі айтылған.

Естеріңізге сала кетейік, 3 мамыр күні облыстың Құрманғазы ауданына қарасты Өрлік ауылында дауылдың салдарынан ауыл мектебінің шатырын, сондай-ақ, облыс орталығында бес қабатты үйдің шатырын жел ұшырып әкеткен болатын. Тағы бірнеше үй бүлінді. Бірсыпыра шағын аудандар жарықсыз қалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жедел штаб құрылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз