Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында электр бағаналары жаңартылды

Құрманғазы ауданының Теңіз ауылдық округіндегі 120 дана тозығы жеткен электр бағаналары жаңартылып, электр желілері және трансформаторлық қосалқы станциясы толық ауыстырылды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Электр бағаналарын жаңарту және жаңа трансформатор қондырғысын орнату жұмыстарын «КазстройРекурт» ЖСШ жүргізді. Бүгінде жоспар бойынша Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты теңгеріміндегі тозығы жеткен электр тарату желілерінің 120 бағанасын ауыстыру, 4 шақырымнан астам жоғары вольтты желілерді жаңарту, 250 кВа трансформатор орнату толықтай орындалды.

555

Ауыл әкімі Қайсар Мақсотовтың айтуынша, қазіргі таңда «Атырау-Жарық» АҚ аудандық электр желілері қызметкерлері ауыл тұрғындарының жеке тұрғын үйлеріне қосып беру жұмысын жүргізуде.

-Мұндай күзгі-қысқы дайындық жұмыстары аясында аудандағы бірнеше ауылдық округтердегі ескірген электр бағаналары кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Бұл өз кезегінде электр бағаналарының ескіруі салдарынан желді, боранды күндері бағаналардың құлап, жарықтың жиі сөнуі, электр желісінің адам өміріне қауіп төндіруі сияқты жағдайлардың алдын алады,- деді Қ.Мақсотов.

Айта кетейік, Теңіз ауылдық округінде 1866 тұрғын бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button