20180908161510

«Ақтөбе – Атырау – Астрахан» жол құрылысы 2022 жылы аяқталады

Жаңалықтар Экономика
9 / 100

«Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«2021 жылы жол инфрақұрылымын жақсартуға 21,4 млрд. теңге бөлінді. Осы ретте жергілікті маңызы бар 140 шақырымға жуық жолды жөндеу жоспарлануда.

Республикалық маңыздағы «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» автожолы жаңғыртылуда. Облыс аумағындағы жұмыстардың жалпы көлемі 432 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта 47 шақырымында жұмыстар аяқталды, ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 168 шақырымы жаңғыртылады. Жұмыс 2022 жылы толығымен аяқталады» деп нақтылады спикер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған