Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазы ауданындағы қамыс өртіне қатысты ресми жауап берілді

Бүгін, 6 қазан күні Құрманғазы ауданы шекарасында қамыс өрті орын алғандығы жөнінде хабарлама түсті. Аталған факті бойынша төтенше жағдай бөлімі қызметкерлері өртті болдырмау жұмыстарына жұмылдырылды, деп хабарлайды atr.kz

Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Мақаш, Теңіз ауылдық округтері аумағын барлап, аталған округ әкімдерімен бірлесіп аралап шықты.
Нәтижесінде Құрманғазы ауданы, Мақаш, Теңіз ауылдық округтерінен шамамен 50-60 шақырым қашықтықта қамыс шөптерінің жануы және түтін белгілерінің көрінетіндігі анықталды.
Құрманғазы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Т. Сансызбаевтың айтуынша, қамыс шөптерінің жану ошағы Каспий теңізіне қарай және айналасы қамыс, сулы, батпақты болуына байланысты қайық, көлік құралдары бара алмайтын  болып отыр. Қазіргі уақытта, түтін белгісі азайып, басылуда. Жану белгілері алыста болуына байланысты, айналасындағы елді-мекендерге ешқандай қауіп жоқ екендігі белгілі болды.

  • Бүгін қамыс өртін барлау, тілсіз жаудың алдын алу үшін Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Астрахань облысы бойынша бас басқармасының «2021 жылғы 05 қазандағы шығыс №ИВ-218-9877 санды хаты» негізінде де тексеріс өткізілді.Қамыс өртіне қатысты хабарлама Құрманғазы ауданының №7 ӨСБ-нің 05.10.2021 жылы Ақпаратты есепке алу кітабына өртке жатпайтын жану оқиғасы болып тіркеліп отыр, — деді Құрманғазы ауданы Төтеншежағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Т. Сансызбаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button