Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазы ауданындағы лотос гүлінің жойылып кету қаупі бар

Атырау облысында экотуризмді дамытуға қолайлы екі қолайлы аймақ бар. Ол Ақжайық резерваты және Қиғаш бойындағы Лотос гүлдер бағы.

Әлем бойынша сирек кездесетін Лотос гүлдер алқабын көруге жылына 1000-ға жуық қазақстандық және шетелдік туристер келеді. Алайда, туристер арасында гүлді жұлып, сындыру фактілері көбеюі салдарынан феноменалды алқап жойылу қаупінің алдында тұр.

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев өзінің телеграм парақшасында жазды.

«Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Атырау облысы әкімдігі тарапынан Лотос алқабына арнайы шараларды қабылдау мақсатында қосымша қадағалау жұмыстарын күшейту бойынша заңдылықтар қарастыру туралы сұраныс жолданды», — деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button