Құрманғазы ауданында 2 мәдениет үйі салынады
Құрманғазы ауданының Асан және Ғизат Әліпов ауылдарында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жоба бойынша мәдениет үйі грим, кітап сақтау, оқу, әкімшілік, ойын, күту және қосымша техникалық-санитарлық бөлмеден тұрады.
– «ҚұрылысТаймКонтракт» ЖШС қыркүйекте құрылыс жұмыстарын бастады. Қазір Ғизат Әліпов ауылында жер учаскесі дайындалып, іргетасын құю жұмыстары жүріп жатыр. Ал Асан ауылында жер учаскесі дайындалып, құрылыс материалдары тасымалдануда. Екі ауылға да 10 жұмысшы, 1 эксковатор-погрузщик, 1 КамАЗ, 1 манипулятор жұмылдырылған, — деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетов.
Айта кету керек, қазір Асанда – 582, Ғизат Әліпов ауылында 487 тұрғын бар. Мәдениет үйлері пайдалануға берілгеннен кейін аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің теңгеріміне өткізіледі. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың екінші тоқсанында аяқталады деп күтілуде.