ЖаңалықтарМедицина
Құрбан Айт күні Атырау облысының барлық егу пункттері жұмыс істейді
20 шілде күні өңір тұрғындары Covid-19 қарсы вакцина ала алады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, бүгін I компоненттің 141 200 вакцинасының 128 376 немесе 91% — ы игерілді. Вакциналардың кезекті партиясы ағымдағы жылдың 22 шілдесінде жеткізіледі деп күтілуде.
- Бүгінде өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, сондықтан барлық егу пункттері демалыссыз және мереке күндері де жұмыс істейді. Өйткені, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін, өңір халқының шамамен 60% — ы вакцина алу керек, — деді Асхан Байдувалиев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде облыста 41 егу пункті бар, оның ішінде 10-ы жылжымалы болып табылады. Вакцинация бойынша колл-орталықтың нөмірі: 98-02-92