Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Құрбан айт кезіндегі карантиндік шаралар қалай сақталуда?

Atr.kz/31 шілде, 2020 жыл. Атырау полицейлері Құрбан айт кезінде карантиндік шаралардың сақталуын қадағалауда. 

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері орынбасарының  28.07.2020 жылғы №58 Қаулысына сәйкес, Атырау қаласына кіре берістерде қала аумағына құрбандыққа шалынатын  ірі және уақ малды әкелуді болдырмау бойынша  Атырау-Астрахань тас жолының
Қара өзек, Атырау-Орал тас жолының Береке ауылы,  Атырау -Доссор тас жолының телемұнара, Атырау-Индер тас жолының Ақжар поселкесі тұстарында  мобильді  бекеттер қойылды. 

Сонымен қатар,  БҚО-мен  шекаралас Атырау-Орал тас жолының 
Аққала елді мекені тұсында да  мобильдік бекет қойылды.

-Азаматтарды облыс аумағында  коронавирустық инфекцияның таралуын, жұқтыру фактілерін азайтуға бағытталған  шектеулерді   және Құрбан айт мерекесі күндері іс шараларды өткізуге тиым салу туралы  қаулы талаптарын  орындауға шақырамыз. Бұған дейін  жарияланған, пандемия жағдайында құрбандық шалу алгоритмін сақтаған дұрыс», — деп атап өтті Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Полиция қызметкерлері халық арасында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау, мал базарларының жанында адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Облыс полицейлері азаматтарға карантин режимі жалғасып жатқанын  және санитарлық нормаларды қатаң сақтауды ескертеді.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button