Жарнама
Жаңалықтар

Құлсарыдағы өмір біртіндеп қалыпқа келе бастады

Су тасқынынан кейін Құлсары қаласындағы азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, сондай-ақ қоғамдық көліктер өз қызметін қайта бастады. Екі күн ішінде автобустар жолаушыларға өз қызметтерін тегін көрсетеді. Қаланың барлық жерінде коммуналдық инфрақұрылым қосылуда. Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.

Сонымен қатар құзырлы органдар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесін қарастыруда.

– Қазір жедел штаб су тасқыны кезінде су басқан аумақтарды құрғатумен айналысуда. Заң бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан азаматтарға келтірілген шығынды өтеу мақсатында арнайы комиссия құрылады, — деп хабарлады Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.

Айта кету керек, қазір Жем өзені өз арнасына түсе бастады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button