Жаңалықтар
Құлсарыда жаппай төбелес болды
Оқиға 5 қыркүйекке күні Жылыой ауданының Құлсары қаласында болған.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Құлсары қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің жанында топтасқан адамдардың төбелескені анықталып, жергілікті полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде барлық қатысушылар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
«Аталған дерек бойынша тергеу басталды. Дене жарақатын алғандар және ауруханаға жеткізілгендер жоқ», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.