
Жаңалықтар
Құлсарыда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында конкурс жарияланады
Құлсары қаласындағы ең таза ықшам аудан немесе ауыл анықталып, аудан әкімдігі атынан мотивациялық арнайы сыйлықтар табыс етіледі.
Мақсаты: Қаламыздың таза, тәртіпті, көрікті болуы үшін азаматтардың белсенділігін арттыру.
Қатысу шарттары:
– Өз ықшам ауданыңызда сенбілік, тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына атсалысыңыз;
– Тұрғындармен бірлесіп аулаларды, көшелерді тазалауға, көркейтуге үлес қосыңыз;
– Фотосуреттер мен қысқаша ақпаратты әлеуметтік желіде жариялап, @jylyoi_audany_akimdigi және @qulsary_qalasy_akimdigi парақшасын белгілеу қажет.
Нәтижесінде:
5 жүлделі орын бар. Әр тоқсан сайын жеңімпаз анықталып тұрады. Жеңімпаздарға аудан әкімдігі атынан арнайы сыйлықтар беріледі!