Жаңалықтар
Құлсары қаласындағы сын сағатта егіз дүниеге келді
Суға кету қаупі бар Құлсары қаласында Жылыой аудандық орталық ауруханасында егіз ер бала өмірге келді.
Алайда қауіпсіздік мақсатында Бейнеу аудандық ауруханасына жедел-жәрдем көлігімен тасымалданды.
-Қазір нәрестелердің жағдайы жақсы. Олар жас ананың төртінші және бесінші баласы. Сәбилердің бойы — 52 см. Біреуінің салмағы — 3500гр, келесінікі — 3350 гр, — дейді облыстық жедел штаб өкілдері.