Жаңалықтар

Құлсары қаласында кинотеатр ашылады

Жылыой ауданында алғаш рет 5 қазан күні 112 орындық кинотеатр ашылады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Qaisar Park cinema» атты кинотеатрда 56 адамдық екі зал және күту залы бар. Одан бөлек жедел тамақ орталығы және сусын мен попкорн сататын орындар қарастырылған.

2023 10 02 13 12 09 7

-Аудан тұрғындары баратын мәдени орындардың қатарын көбейту мақсатында және аудан жастарының көңілді уақыт өткізуі үшін кинотеатрды ашқалы отырмыз. Ол осы аптаның бейсенбі күнінен бастап қызмет көрсете бастайды. Жалпы билет бағалары 1500-3000 теңге аралығында болады және киноға билетті ticketon.kz сайтынан алуға мүмкіндік бар. Алғаш ашылатын күні «Пила 10», «Белгісіз батырлар», «Митат», «Арам ақша», «Қарғыс атқан мұра», «Жел иесі», «Щенячии патруль» атты фильмдер көрсетіледі, — деді кәсіп иесі Саламат Сарсенов.

2023 10 02 13 12 09

Кәсіпкердің айтуынша, кинотеатрда әлемдік және қазақстандық жаңа кинолар көрсетіледі. Аптаның әр бейсенбісінде жаңа кинолар шығып тұрады. Кинотеатр күнде сағат 10:00-ден бастап жұмыс істейді. Соңғы сеанс 23:30-23:50 аралығында басталады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button