АПАТТЫ БОЛДЫРМАҒАН ҰШҚЫШ

Дмитрий Родин еңбек жолын Атыраудан бастапты...

Бүкіл әлем баспасөзі жазып жатқанындай, Bek Air компаниясына тиесілі «Фоккер - 100» ұшағы Астана әуежайына апатты жағдайда қонды. Ұшқыштардың шеберлігінің арқасында бірде-бір жолаушы зардап шеккен жоқ. Таңғажайып әрекет жасаған экипаждың командирі Дмитрий Родиннің алғашқы еңбек жолын Атыраудан бастағаны белгілі болып отыр.

 

Қызылорда – Астана бағытымен ұшқан ұшақтың әуежайға қонар кезде алдыңғы шассиі шықпай қалады. Осы себептен бортында 116 жолаушы бар әуе кемесінің бір сағатқа жуық көкте қалықтап жүруіне мәжбүрлік туады. Экипаж құрамының ерлігі, әуежайдағы қауіпсіздік шараларының нәтижесінде адамдардың өміріне қауіп төнген жоқ. 

Газеттің толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз