Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғам

ҚР Президенті: Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты да еңсереміз

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. Біз бүгін індеттен қаза болған отандастарымызды еске алып, тағзым етеміз. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз деген сенімдемін»,-деп жазды бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

«Үкімет пен әкімдер осы қиыншылықтардан шығу үшін шұғыл шаралар қабылдауда. Дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, еріктілердің жанкешті жұмысына ризашылық білдіремін»,-деді Президент.

Айта кетейік, Мемлекет басшысыны Өкімімен 13 шілде – Жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленді. Осыған қарай Ақорда резиденциясының алдында Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінен қаза тапқан азаматтарды құрметпен бір минут еске алды.

https://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-oblysyna-tapshy-dari-darmektin-ekinshi-parti%d1%8fsy-zhetkizildi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button