Жарнама
Жаңалықтар

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев іс-сапармен Атырау облысына келді, — деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Сапар аясында министр бірқатар энергетикалық нысандарға барып, өңірдің алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді.

Атап айтқанда, Атырау ЖЭО-на, «Атырау мұнай өндіру зауыты» ЖШС-не және С.Өтебаев атындағы Мұнай және газ университетіне барды.

Бұдан бөлек, өңірге сапар аясында облыс тұрғындарымен  кездесу және азаматтарды жеке қабылдау жоспарланған.

Тұрғындармен кездесу министрліктің ресми әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, министрдің БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясы жоспарланған.

Алдағы уақытта ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның өңірлеріне арнайы жұмыс сапарымен барып, өңірлердегі жылу орталықтарының алдағы жылыту маусымына дайындығын тексереді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button