Жастарды жұмыспен қамту әркез басты назарда болуы тиіс

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жастарды еңбекке тарту, жұмыспен қамтудың жайы мен жазғы демалыс уақытында олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру туралы мәселелер талқыланды. Тікелей бейнебайланыс желісі арқылы өткізілген кеңес отырысына аудан әкімдері,  басқармалар мен департамент басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібіне ұсынылған бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Шпановтың мәлімдеуінше, облыста экономикалық еңбекке жарамды он бестен жоғары жастағылардың саны 89 мың адамды құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі республикалық орташа деңгейден төмен. Яғни, 3 пайыз көлемінде. Былтыр оқу орындарын бітірген жастардың 73 пайызы, ал, «Болашақ» бағдарламасы бойынша бітіруші 91 түлектің бәрі жұмысқа орналасқан.

 

Бақытжан ЖҰМАТ.

Толығырақ газеттен оқи аласыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз