Жарнама
Жаңалықтар

Қозғалтқышы істен шыққан ұшақ «Атырау» әуежайына қонды

Atr.kz/28 қазан, 2019 жыл. Құзырлы органдар кеше Атырауда ұшақтың неге шұғыл қонуға мәжбүр болғанын тергеп жатыр.

«Атырау» халықаралық әуежайы техникалық қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтаннан жолға аттанған «Эмбраер» ұшағында діттеген жерге жетуге аз қалғанда дабыл іске қосылған. Ол май қысымының төмендеп кеткенін білдіретін дабыл еді. Қозғалтқышы істен шыққан ұшақ төтенше жағдайға байланысты Атырау қаласының әуежайына келіп қонған.

Кемшілікті жойып, аққан майды тоқтату үшін инженерлер жұмыс істейді. Басқа қалада тұратын жолаушылар қонақ үйге орналастырылған. КС984 рейсімен Атыраудан Нұр-Сұлтанға жолға шыққан барлық жолаушылар бүгін басқа рейспен діттеген жеріне жеткізіледі. Еске сала кетейік, кеше кешкісін Атырауда ұшақ шұғыл жағдайда әуежайға қонған болатын. Осы себепті Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілетін рейс кейінге шегерілді.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button