Қош бол, менің мектебім!
Аtr.kz/5 маусым, 2020 жыл. Өскелең ұрпақтың бойындағы дарыны мен қабілетін дамытып, оларды Тәуелсіз Қазақстанның кемел азаматы етіп қалыптастыруда үлкен еңбек сіңіріп жүрген ұлттық гимназияда өткен түлектердің алтын ұя мектеппен қоштасу жиынына асыға жеткенбіз.
Ұлттық орда ауласын «Мектебім» әнінің жан тербетер әуені кернеп тұр. Карантин талаптарына сәйкес, адамдар араларының алшақтығы сақталып, қатысушылардың бәрі бетперде киген. Биыл мектеп бітіруші 11 сынып оқушылары гимназияның кіреберісінде екіге жарылып, сап түзеген. Ту көтеру рәсімі ұлттық гимназияның «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлеріне тапсырылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні әуелеген кезде оң қолдарын жүрек тұсына апарған салтанатқа қатысушылардың жүздерінен Отанға деген сүйіспеншілік айқын аңғарылғандай.
Түлектерді және ата-аналар мен ұстаздарды құттықтау үшін ортаға Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия директоры Нұрлыбек Даумов шақырылды.
– Бүгін – біздің ұлттық гимназия үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан Республикасы үшін ерекше күн. Күні кеше қазақ поэзиясының өрен жүйрігі Мұқағали жырлағандай: «тарыдай болып келіп, таудай болып шыққан» шәкірттеріміз өмір жолына жолдама алғалы тұр. Кеше ғана көз алдымызда жүрген, өзіміз әрбір қадамдарына тілеулестікпен көз тіккен оқушыларымыз ұстаздар мен ата-аналардың алақанынан өмір кеңістігіне қанат қағып, самғағалы тұр. Бүгінгі түлектер – біздің 29- шы түлектеріміз. Міне, ұлттық гимназияның өз түлектеріне сәт сапар тілеген 29-шы көктемін қарсы алдық.
Иә, әр жылдағы түлектер ұстаздардың есінде өздеріне тән ерекше л і к т ерімен қалады. Биылғы түлектеріміз ойламаған жерден келген сын сағатқа төтеп беріп, қашықтан оқыту технологиясын жылдам, оңай меңгерді. Өздерінің IT сыныптарындағы алған дәрістерінің нәтижесінде информатика мен робототехника және басқа да инновациялық ғылыми технологияны жақсы меңгергендерін көрсетті. Қашықтан оқыту кезінде болған олимпиадада жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда 35 түлек грант иегері атанды. Төрт «Алтын белгі», алты үздік аттестат иегері бар. Жалпы 47 түлек мектеп бітіріп, кәмелеттік аттестатты қолдарына алғалы тұр. «Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар, қалан!» деп ұлы Абай айтқандай, әрқайсыңыз жүректеріңіз қалаған мамандық иесі,
Отанымыздың мақтанышы болуларыңызға тілектеспін.
Биыл Ұлы Абайдың д ү н и е г е к е л г е н і н е – 175 жыл! Мемлекеттік Гимн авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қошалақтан шыққан ұлы ақын Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына – 85 жыл! Осындай тарихи сәтте қолдарыңызға кәмелеттік аттестат алдыңыздар! Сәт сапар, түлектер!- деді тебірене сөйлеген педагогика ғылымдарының кандидаты, академик, «Құрмет» орденінің иегері Нұрлыбек Ғилажұлы.
Ұстаздар мен түлектерді және ата-аналарды құттықтау үшін Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Мерейлі мекен» журналының бас редакторы Жеңіс Ароновқа сөз берілді.
– Құрметті ұлттық орда басшылығы, педагогикалық ұжымы, түлектер және ата- аналар! Бүгін біз қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Күтпеген жерден карантиндік
шектеулерді бастан өткеріп, ұрпағымыз қашықтан білім алу процесін меңгеруде. Осы орайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа дем берген Жолдаулары мен Үндеуінің рөлі зор болғаны айқын. Әлеуметтік мәселелерді шешуді де қолға алды. Педагог мәртебесін айқындайтын заң қабылданып, ұстаздардың жалақысы өсуде. Осының өзі білім саласына деген мемлекетіміздің оң көзқарасын көрсетіп отыр. Білім саласына алты есе, ғылымға жеті есе қаржы бөлінетіні де айтылды. Осындай сын кезеңде өз білімдеріңді д ә л е л д е п , к ә м е л е т т і к аттестатқа ие болу да бір ғанибет. Баршаңызды айтулы күнмен құттықтаймын, — деді ақын Жеңіс Аронұлы.
Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары атынан құттықтау сөз сөйлеу үшін ортаға Берік Молдашұлы шақырылды.
– Б ү г і н б ә р і м і з д і ң жүрегіміз толқып тұрғаны анық. Өйткені, бауыр етіміз – балаларымыз өмір сапарына аттануда. Оларды он бір жыл бойы білім нәрімен сусандатып, жаһандану талабына сай тәрбие берген ұстаздарға басымызды иеміз. Балалардың жолы оң болсын! Қазақстанның болашағы үшін еңбек етіп, өз білімдеріңіз бен таланттарыңызды Отанға арнаңыздар! Өздеріңіз қалаған жоғары оқу орнына түсіп, жақсы маман атанғайсыздар. Ұл-қыздарымыздың әрбір табысы үшін қуанып, өз өмірлерін балаға білім беруге арнаған ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз. Еңбектеріңіз жана берсін! Қашықтан оқыту кезінде де тынбастан білім беріп, оқушы болашағы үшін уайым шектіңіздер. Сіздерге мың алғыс! — деді Берік Молдашұлы.
Әр шәкіртін өз баласындай қамқорлаған ұлағатты ұстаз, түлектердің жанашыры, мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі о р ы н б а с а р ы А й г ү л Жұмабаева да өз кезегінде ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды салтанатты сәтпен құттықтады. Мектеп қабырғасында оқып жүріп, еліміздің жоғары оқу орындарының грантын иеленген оқушылар, республикалық, о б лыс тық о л имп и а д а жеңімпаздары марапатталды.
Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман араласқан осынау сәтте өмір жолының табалдырығын аттағалы тұрған жас түлек Риза Елеусіноваға сөз кезегі жолданды.
Соңғы қоңырау…
Бұл ұғым алтын ұя мектептен ұшқалы тұрған түлектердің санасына қимастық сезім ұялатары кәміл. Мектеп бітіруші түлектер алғаш қолдарына гүл шоғын алып, мектеп табалдырығынан аттағалы бері естіген күміс қоңырау үнін сағынышпен еске алатындары сөзсіз. Бүгінгі қоңырау – ерекше. Ол – мектеппен қоштасатын сәттегі соңғы қоңырау. Ол – балалық шақтан ересек өмір белесіне шақыратын қоңырау. Соңғы қоңырау соғу құрметіне 11-сынып оқушылары Жантөре Серікбай мен Аружан Русланова ие болды.
Гүлзада РАХМЕТҚЫЗЫ