ЖаңалықтарҚоғам

9000 теңгеден бастап: Наурызда «Атырау — Түркістан» бағытына ұшақ қатынайды

«28 наурыздан бастап, Атыраудан Түркістан бағытына қолжетімді бағада ұшақ рейсі ашылады» деп хабарлайды Atr.kz ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.

«FlyArystan» бюджеттік әуекомпаниясы осылайша, «Атырау — Түркістан» бағытындағы бұрын болмаған рейсті жұма, жексенбі күндеріне қолжетімді етіп отыр.

«Airbus А320» ұшағымен орындалатын тікелей рейстерде бір бағытқа билеттердің ең төменгі құны 9 мың теңгеден басталады.

«Мұндайда жолаушы өзімен бірге 5 келіге дейін қолжүгін ала алады. Билеттерді «FlyArystan» App мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтынан алуға болады», делінген әуе компаниясы таратқан ақпаратта.

Еске сала кетелік, «FlyArystan»  Қазақстандағы ең алғашқы лоукостер. Бүгінгі таңда лоукостер флотында 7 Airbus A320 ұшақтары бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button