Қоғамдық штаб арқылы 5000-нан астам отбасыға гуманитарлық көмек жеткізілді
Атырау облысы Жылыой ауданында төтенше жағдайға байланысты құрылған қоғамдық штабта 14 сәуірден бастап 3600-ден астам құлсарылық кеңес алды. 4 мамырдағы мәліметке сүйенсек, кеше бір күнде штаб құрамы 60-тан аса тұрғынды қабылдады.
Бұдан бөлек тасқын судан зардап шеккен 5000-нан астам отбасыға гуманитарлық көмек таратылды. Жақында Жылыой ауданына Алматы кәсіпкерлер ассоциациясынан — 20, Шымкент кәсіподағынан 6 тонна әртүрлі гуманитарлық көмек жеткізілсе, Атырау қаласы гуманитарлық пунктінен 10 тоннадан астам құс еті жөнелтілді. Сонымен қатар осы уақытқа дейін 653 адам дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Еске сала кетелік, қоғамдық штаб Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, №9 орта мектеп ғимаратының акт залында қызмет көрсетуде. Байланыс телефондары: 8700 245 9329 8775 711 8354 8775 361 1438