Қоғамдық келісім – басты мұрат

screenshot 1 5 Жаңалықтар

7 желтоқсанда Бірыңғай күн аясында барлық облыс орталықтарында Жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асыру жолында қоғамды топтастыруға бағытталған «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы рөлі» тақырыбында дәріс өтті.

Дәрістер қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз етуде Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының рөлін арттыру және осы бағыттарды жандандыру мақсатында өткізіліэді. Жобаның лейтмотиві: «әралуандылықтағы бірлік», «әртүрлі пікір – бір ұлт» ұстанымдары және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы болмақ. Әр өңірде лекторлық топтар құрылды. Іске асырылып жатқан міндеттер аясында тәжірибе алмасу, өзекті идеяларды ілгерілету, сәтті жоба мен өнегелі үлгі көрсету басты назарда болмақ. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенділері мен қоғамдық құрылымдарының (Аналар кеңестері, Қоғамдық келісім кеңестері, Медиация кеңестері, ғылыми-сарапшылық қоғамдастығы, «Ассамблея жастары») өзара әрекеттесуі және тәжірибе алмасуы халықтың барлық топтарын қамтыды. Республика бойынша жалпы қатысушылар саны 2000 жуық адам қамтылады.

screenshot 2 4

Дәрістерге ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық пікір жетекшілері, оның ішінде депутаттар мен қоғамдық құрылымдардың өкілдері, Ассамблеяның атқарушы және жұмыс органдары, сарапшылар қатысты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз