Жарнама
Жаңалықтар

Қиын кезеңде студенттерге қолдау көрсетіледі

Еліміздегі су тасқынына байланысты төтенше жағдай С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ұжымын да алаңдатып отыр.

Университет ректоры Гүлзада Шакуликова Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы тілсіз жау кесірінен қиын жағдайға тап болған отбасылардың студент балаларына оқу орны тарапынан тиісті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Қазір отбасылары су тасқынынан зардап шеккен студенттердің тізімі нақтылануда. Университет ол студенттерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Сонымен қатар, апат аумағынан эвакуацияланған тұрғындарға университет спорт залынан жатын орын беріледі. Жоғары оқу орнының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамы еріктілер қатарында су тасқынының алдын алу жұмыстарына тартылды.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button