Жаңалықтар
Қиғашта су деңгейі көтеріле бастады
Бүгін Атырау облысында «Қиғаш-Шортанбай» гидропостында су деңгейінің көтерілгені байқалды.
Бір тәулікте 5 сантиметрге көбейіпті. «10 сәуірден бері Волгалық гидроэлектр бекеттен жіберілетін судың көлемінің көбеюімен байланысты»,- дейді «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары.
Ал БҚО-дан келетін су есебінен бір тәулікте Индербор кентінің гидропостында су — 15 см, Махамбетте — 19 см, Атырау қаласында 18 сантиметрге көтеріліпті.
Сондай-ақ Жем өзенінің деңгейі 10 сантиметрге төмендеген. Мамандар бұл аймақта көктемгі су тасқынының жоғары деңгейі саябырсыды деп хабарлады.
Малика ТӘКЕЖАНОВА