Қиғаш пен Шароновка өзендері көтерілуде
Бүгінде Атырау облысындағы Қиғаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады. Бұл жағдай Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты орын алып отыр, — деп хабарлайды облыстың төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.
Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі – 344 см, тәулігіне көтерілу +4 сантиметрді құрап отыр. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу – 215 см.
Қиғаш өзені – Котяевка селосындағы гидропост бойынша су деңгейі – 215 см, тәулігіне көтерілу +4 см. Су тасқыны басталғаннан бастап жалпы көтерілу 205 сантиметрді құрайды.
Шароновка өзенінің гидропосты — Ганюшкино ауылы су деңгейі 209 см, тәулігіне көтерілу + 4 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 112 см құрайды.
Аталған каналдарда су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. 30 сәуірде Еділ су электр станциясының төгінділері секундына 22 780 текше метрді құрады.