Қиғаш ауылында 26 тұрғын үй салынуда
Atr.kz/3 ақпан, 2020 жыл. Құрманғазы ауданындағы күрмеулі мәселелер шешімін тауып келеді. Мәселен, Азғыр аймағына БҚО-нан жоғары жылдамдықтағы кең жолақты интернет желісі жүргізілді. Сонымен қатар, ауылшілік жол құрылысы қарқын алған.
Өткен жылы Құрманғазы ауылының «Котяевка-Шортанбай», «Жасталап-Жыланды» автожолы жөнделіп, бұл жұмыстар ары қарай Сафон, Приморье, Котяевка, Құрманғазы, Бірлік ауылдарын қамтып жалғасты. Сондай-ақ, Ақкөлдің де ауылішілік жолдары қайта жаңғыртылады.
Ауданда инженерлік коммуникация инфрақұрлымы да дамып келеді. Мәселен, Құрманғазы ауылынан 468 орынға, ал Қиғаш ауылынан 26 тұрғын үй салуға қажетті инженерлік коммуникациялар құрылысы жүргізілуде.
Ауданда денсаулық және білім саласындағы кадр тапшылығын болдырмау мақсатында мамандарды баспанамен қамту жұмыстары қолға алынған.
Сондай-ақ, жұмыссыздық мәселесін шешу бойынша шаралар алынуда. Халық алдында есеп берген аудан әкімі Қайрат Нұртаев осыларды баяндай отырып, проблемалық мәселелерді де көтерді.
Жиналысқа қатысқан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов ауданда алда да ауқымды істерді атқару қажеттігін атап өтті.