QazVac вакцинасын ДДҰ-да тіркеу мәселесі қарастырылуда
Жауапты сала басшылары отандық QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу мәселесін қысқа мерзімде пысықтауға міндеттелді.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.
Отырыс барысында вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қысқа мерзімде шаралар қабылдауды, атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында QazVac отандық вакцинасын тіркеу және оны одан әрі үшінші елдердің нарықтарына ілгерілту мәселесін пысықтауды, осы бағытта жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Еске салсақ, эпидахуал жөніндегі кеңестің отырысында Президент Қасым-Жомарт Үкіметке QazVac-ты экспорттау мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.