Қазіргі экономикалық ахуалға қатысты ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының басшысы түсінік берді
Atr.kz/9 наурыз, 2020 жыл. «Мұнай бағасының күрт өзгеруіне қатысты түрлі негізсіз ақпараттар таралып жатыр. Осы орайда, ҚР Ұлттық Банкінің ресми мәлімдемесін ғана негізге алған жөн.
Мен жұртшылықты жалған мәлімдемелерге сенбеуге шақырамын» деді еліміздің Ұлттық Банкі Атырау филиалының директоры Ердос Крылдаков «Atr.kz» сайтының тілшісіне берген сұхбатында.
– Қандайма мәселе туындамасын оны реттеуге Үкіметте барлық мүмкіндіктер қарастырылған, – дейді Е.Жандосұлы. – Әлеуметтік-экономикалық тұрақты жағдайды қамтамасыз ету үшін қажетті құралдардың бәрі бар. Сондай-ақ, алтын валюта қоры да жеткілікті. Нақты және толық ақпарат ертең белгілі болады. Сейсенбіні күту керек. Сол күні Қазақстандық қор биржасында сауда өтеді. Сонда анық-қанығы айтылады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ