ЖаңалықтарЭкология
«Қазгидромет» алдағы үш күнгі ауа райы болжамын ұсынды
«Атлантикалық циклон жырасы Қазақстан аумағында батыстан шығысқа қарай ығысып, өзімен бірге жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын алып келеді. Сондай-ақ көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, солтүстік бөлікте ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Оңтүстік өңірлер биік жотаның әсерінде болады, соған орай жауын-шашынсыз, ашық күн райы болжанады» делінген ақпаратта.