«Qazar Air» компаниясы Атырау-Ақтөбе рейсін кейінге қалдырды
Жексенбіде «Qazar Air» компаниясы еш түсініктеме берместен Атырау-Ақтөбе рейсін кейінге қалдырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Біздің №396 рейс жексенбі Атыраудан сағат 18:25-те ұшып шығуы керек болатын. Біз тіркелуге келдік. Ұшақтың қонуын күтіп отырғанда кері ұшу бір сағат 15 минутқа кешіктірілетіндігі хабарланды. Кейін компания өкілі келіп рейс тағы бір сағатқа кешігетінін мәлім етті. Жолаушылар кідіріс себебін сұрағанда компания өкілі: «экипаж демалып жатыр», деп түсіндірді. Осымен біздің компания өкілдерімен байланысымыз аяқталды.
Ақтөбе транзиттік әуежай жолаушыларының айғай-шуынан кейін рейс шегерілгендігі хабарланды. Сонымен қатар біз дүйсенбі күні таңғы 6-да ұшатындығымыз белгілі болды. Атырау қаласының тұрғындарына үйлеріне қайтуы сұралып, ал транзиттік жолаушылар қонақ үйге орналастырылды. Адамдардың бір тобы оағн келіссе, қалғандары ұшудан бас тартты. Мен секілді жолаушылар дүйсенбі кешке рейстік ұшақпен кетуге шешім қабылдады. Өйткені таңғы 6-да ұшатындығымызға сенім жоқ», — деп мәлім етті Ақтөбеге кете алмағандардың бірі Анна Вахитова.
Қазақпарат